Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 1 сәуір, 2024
- 1.2k
Конференцияға облыстың 5 ауданынан қонақтар келіп, жиында Кенен Әзірбаевтың әндері шырқалып, күйлері орындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz
Биыл халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына - 140 жыл. Осыған орай, облысымызда қазақтың біртуар азаматын еске алып, оның өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Сондай шаралардың бірі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде ұйымдастырылды. Кенен Әзірбаевтың мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференцияға облыстың бірқатар аудандарынан қонақтар арнайы келіп, ақын туралы сыр шертті. Кенен Әзірбаев 200-ге жуық лирикалық- дидактикалық мазмұндағы арнау мен толғаулар шығарған. Өнер иесінің репертуарында ондаған эпикалық жыр дастан болған. Мұншалықты мәдени мұраны санасында сақтап, орайы келгенде жатқа айтып беретін ерекше қабілетті талайды таңдай қақтырған.
Бүгінгі конференцияда тума талаттың әрбір шығармасының шығу тарихы жастарға кеңінен айтылып, толымды ақпарат берілді. Өз кезегінде Әзірбаев атындағы саз мектебінің директоры Панабек Ахметов оқу ордасында Кенен Әзірбаевтың ұрпақтарымен кездесу өткізіліп тұратынын айтты. Сондай-ақ, биыл тұлғаның бюсты мектеп алдына орналастырылады деп, ақжолтай хабармен бөлісті. Бұдан соң айтыскер ақын Есет Досалы Кенен Әзірбаевтың ауылына сапары аясында алған әсерін әңгімелеп, жас буынға алдағы уақытта ақынның тұрған үйін көруге кеңес берді.
Іс-шара аясында оркестрмен өнер иесінің атақты «Көкшолақ», «Шырқа, дауысым», «Туған жер» атты әндері мен бірқатар күйлері орындалды
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет министрі Аида Балаева халыққа үндеу жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
Бүгін қазақтың аңыз әншісі Бибігүл Төлегенованың туған күні
- авторjambylinfo.kz
- 16 желтоқсан, 2024