TAV Holding Алматы әуежайын дамытуға 362 миллион доллар инвестиция салмақ
- авторБақытжан Бекболат
- 6 мамыр, 2025
- 147

Алдағы бес жыл ішінде Түркияның TAV Holding компаниясы Алматы әуежайын дамытуға 362 миллион доллар инвестиция салмақ, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министрліктің мәліметінше, инвестор ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртуды, жүк тасымалымен айналысатын компанияларға арналған жаңа перрон салуды, ішкі рейстер терминалын жөндеуді, қолданыстағы жүк қоймаларын жаңартып, цифрландыруды, сондай-ақ қонақүй тұрғызуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, алдағы 12 ай ішінде әуежай қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25 пайызға өседі. Әуежай аумағында қызметкерлер мен маңайдағы тұрғындар үшін медициналық орталық ашылмақ.
«Биылдың өзінде инвестор әуежайда кемінде 600 жаңа жұмыс орнын ашпақ. Сондай-ақ ACI (Әуежайлар халықаралық кеңесі) тарапынан аккредитацияланған арнайы оқу орталығы жұмысын бастайды. Қызметкерлерге арналған жеке асханалар да ұйымдастырылған», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.