Қызылордада қала мектептерінің бірінің мұғалімі дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін әріптесін өлтіргені туралы мәлімет тарап жатыр. Оқиға бойынша дене шынықтыру мұғалімін өлтірді деген күдікпен тағы бір ұстаз қамауға алынған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оқиға болған күні қалалық мектептің екі қызметкері де демалыста болған екен. Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын айтқан.
«Оқиғаның мән-жайы анықталуда, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
Белгілі болғаны екі мектеп қызметкері де 31 мамырда демалысқа шыққан. Бұл оқиғаның мән-жайы әлі де анықталуда. Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратынша, оқиға мектеп аумағында емес, басқа жерде болған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде 12 мың шақырым жол-құрылыс жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2024