Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
- авторjambylinfo.kz
- 3 маусым, 2024
- 775
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.
Жаттықтырушы ретінде Ресейдің «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.
Бапкерлік мансабындағы жетістіктері:
Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (2007)
Польша чемпионы (2015/16)
Польша кубогының жеңімпазы (2015/16)
2018 жылғы әлем чемпионатының 1/4 финалы (Ресей құрамасымен)
Мажарстан чемпионы (2021/22, 2022/23)
Мажарстан кубогының иегері (2021/22)
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Қызылордада екі ұстаз төбелесіп, біреуі ажал құшты
Ұқсас жаңалықтар
Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне келді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024