жұма, 9 мамыр, 2025 16:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жаңбыр мен тұман»: Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады

«Жаңбыр мен тұман»: Синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жасады
Фото - Jambylinfo.kz
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман болады

Қазгидромет синоптиктері 18 сәуірде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с

Ұлытау облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында 2 градус үсік жүреді. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын, кей уақыттарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының шығысында түнде көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астанада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Шымкентте түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

 

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі, облыстың шығысында, таулы аудандарда күндіз найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

 

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар