дүйсенбі, 5 мамыр, 2025 18:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жолшылар «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды

Жолшылар «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды
ЖАСҰО
Бүгін Тараз қаласындағы «Дарын» мектеп-интернатының 7 «В» сынып оқушылары үшін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мен ҚАЖ сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жамбыл облыстық филиалдарында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Оларды сынып жетекшісі Надежда Назаргалина және оқушыларға кәсіби бағдар беруші Сандуғаш Жайшибекова бастап келді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл күні жасөспірімдерге сапа орталығының зертханасы жөнінде мол мағлұмат беріліп, онда іс жүзінде жолдың жай-күйі қалай анықталатыны көрсетілді. Зертхана меңгерушісі Дәурен Хасенов мекеменің негізгі атқаратын міндеті мен елімізде жол сапасын арттыру мақсатында қолға алынған шаруалар туралы айтып өтті.

Айта кетейік, бір топ оқушылардың арасында әріптесіміз Дәуреннің қызы Әнел Хасенова да бар. Шын мәнінде, осынау шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – балаларға ата-анасының жұмыс орнын көрсету әрі жол саласындағы инженер, зертханашы сынды мамандықтарды көпшілікке кеңінен таныстыру.

Бұдан кейін кішкентай қонақтар ҚАЖ сервис жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жай-күйін көзбен көруге мүмкіндік алды. Өңірлік филиалда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Мұрат Азаматов меймандарға қара жолды күтіп-баптау жұмыстары 24/7 режимінде жүргізілетінін жеткізді. Өз кезегінде серіктестіктің арнайы техникаларының жұмысын тамашалаған мектеп оқушылары жол саласының қыр-сырына қанықтырған жолшыларға ризашылығын білдірді.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар