Ал қараша өзімен бірге бірнеше маңызды жаңалық әкелмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені қайта қарауы мүмкін
Қараша айында Ұлттық банк инфляция болжамдарын жаңартып, негізгі көрсеткіштерді қайта есептемек.
Төраға Тимур Сүлейменов егер баға өсімі баяуламаса, мөлшерлемені арттыру мүмкін екенін айтты.
Шешім 28 қарашада, сағат 12:00-де (Астана уақытымен) жарияланады.
Көші-қон жүйесі цифрланады
1 қарашаға дейін көші-қон үдерістерін біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады.
Жаңа жүйе шетел азаматтарының сапар мақсаты туралы деректерді алдын ала білуді, тексерістерді автоматтандыруды және процесті 60–70%-ға қысқартуды көздейді.
Министр Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл жүйе ашықтық пен тиімділікті арттырады.
Жаңа бағыттар ашылады
Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) қарашадан бастап Астанадан Бішкек пен Самарқандқа тікелей ұшуды бастайды:
Самарқанд – жұма және жексенбі;
Бішкек – дүйсенбі және бейсенбі.
Ал FlyArystan 29 қарашадан бастап Ақтау – Дубай бағытын ашпақ.
Ұшу аптасына бір рет, сенбі сайын (мереке күндері – сейсенбіде де).
Билет бағасы – 62 мың теңгеден.
Алматыда оқушылардың IT-баттлы
1 қарашада Алматыда алғаш рет IT Startup Battle өтеді.
Оқушылар демалыстан оралады
27 қазан – 2 қараша аралығында өткен күзгі демалыстан кейін, 3 қарашада сабақтар қайта басталады.
Ал қысқы каникулдар биыл 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін созылады.
«Қайрат» Еуропадағы мықты командалармен кездеседі
Алматылық клуб 6 қарашада Миланда «Интермен»,
ал 26 қарашада Копенгагенде «Копенгагенмен» ойнайды.
Ойындар түнгі уақытта өтеді: сәйкесінше 01:00 және 22:45 (Астана уақыты).
Асу Алмабаев – UFC тарихындағы Катар рингінде
Қазақ жауынгері Асу Алмабаев 22 қарашада Дохада америкалық Алекс Переспен кездеседі.
Бұл – Катарда өтетін тұңғыш UFC турнирі.
Алмабаев осыған дейінгі жекпе-жегінде жеңіс сериясын жалғастырған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Тұман, аяз, көктайғақ: Желтоқсанда ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 3 желтоқсан, 2025
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






