Қазақстанда әскери қызметкерлердің психологиялық мәселелерін жасанды интеллект анықтайды
- авторБақытжан Бекболат
- 16 мамыр, 2025
- 279

Бас қолбасшылыққа жасанды интеллект технологиясына негізделген бейімделетін психологиялық тестілеу жүйесі таныстырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл жүйе әскери қызметкердің психологиялық жай-күйіндегі ауытқуларды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
«Жүйе жауап берушінің алдыңғы жауаптарына қарай сұрақтардың мазмұны мен күрделілігін өзгертіп отырады. Бағдарлама психологиялық жай-күйді дәстүрлі тестілеу тәсілдеріне қарағанда дәлірек әрі тиімді бағалауға мүмкіндік береді. Себебі ол артық сұрақтарды қысқартып, тек маңызды аспектілерге назар аударады», – делінген баспасөз хабарламасында.
Қауіпсіздік мақсатында жүйе әскери бөлімдердің серверлеріне орнатылады. Алдымен оны Астана гарнизонында қызмет өткеріп жатқан жас сарбаздар арасында сынақтан өткізеді.