сенбі, 2 қараша, 2024 0:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аида Балаева жаңа әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

Аида Балаева жаңа әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ол бұл пікірін Түркіменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференцияда айтқан

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге өтетін атаулы күндер тізіміне енді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа халықаралық сыйлық - Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлері қатысқан. Аиба Балаева Астанада ойшылға ескерткіш ашылатынын хабарлаған.

«Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мақтұмқұлы Пырағының мол мұрасы біздің халық үшін аса маңызды. Достықтық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің бегісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті.

Министр өз сөзінде Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар