Иран мемлекеті президент Ибрахим Раисидің қазасына байланысты бес күн Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Айта кетейік, кеше 19 мамыр күні Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелері мінген ұшақ Шығыс Әзербайжан провинциясында апатқа ұшырады. Иран президентімен қатар тағы екі адам қаза тапты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтты.
«Тікұшақ апаты салдарынан Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раиси мен оның сенімді серіктерінің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Ибрахим Раиси – Иран мемлекеті мен халқының әл-ауқатын арттыруға, мүддесінің мұқалмауына, аймақтағы тұрақтылықты сақтауға өз өмірін риясыз арнаған көрнекті мемлекет қайраткері. Оның қолға алған бастамалары мен жетістіктері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланғаны баршаға мәлім. Қазақстандықтар Ибрахим Раисиді парасатты басшы, халықаралық деңгейдегі беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайды. Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – деп жазылған жеделхатта.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстанда «Яндекс.Такси» кеңсесіне тінту жүргізілген
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024