Прокуратура кәсіпкерлерге «Жамбыл су» және «Жасыл Ел-Тараз» компанияларынан ақшаларын өндіріп берді
- авторjambylinfo.kz
- 20 мамыр, 2024
- 635
Жамбыл облысының прокуратурасы «Жамбыл су» және «Жасыл Ел-Тараз» коммуналдық кәсіпорындарында шарттық міндеттемелерді адал орындаған 109 кәсіпкерге тиісті ақшаларын төлемей жүрген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағаелдай, 14.06.2023 жылғы шарт бойынша кәсіпкерлердің бірі құны 103,7 млн теңге болатын арнайы көлікті жеткізу бойынша міндеттемені орындаған. Алайда «Жамбыл су» тапсырыс берушісі жеткізген тауар үшін 4 айдан астам төлем жасамаған.
"Осыған ұқсас 800 млн теңгеден асатын сомаға 109 кәсіпкерге қатысты «Жамбыл су» және «Жасыл Ел-Тараз» мекемелерінің қызметтері бойынша заң бұзу фактілері анықталды. Қадағалау актісі бойынша Тараз қаласының әкімдігі берешекті өтеу кестесін бекітті, оған сәйкес 53 кәсіпкерге 206,8 млн теңге төленді", - деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Прокуратура кестеге сәйкес берешекті өтеу жұмыстары жалғастырып жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз