«200 миллион теңге бөлінді» Биыл Жамбылда қанша адам баспаналы болады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2024
- 717
Тараз қаласының билігі биыл бюджет есебінен 200 миллион теңге бөліп, «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында 198 азаматқа тұрғын үй сертификатын рәсімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Бекнұр Естайбековтың сөзінше, биыл 6 санат бойынша азаматтарға мемлекеттік қордан 68 пәтер беріледі. Өткен жылы да баспанамен қамту көрсеткіші осындай болған. Ал, «Тұрғын үй-коммуналдық инфроқұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сай 108 пәтер пайдалануға берілген. Оның ішінде 13 пәтер көпбалалы отбасыларға бұйырған.
"Жоспар бойынша 200 пәтер болғандықтан бүгінгі күнде қалған 92 пәтерді бөлімнің теңгеріміне қабылдау бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй мәселесі бойынша 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен бектілген талабына сай мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне тіркелген азаматтарға бөлу жұмыстарын жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 669 пәтер сатып алу жоспарлануда. Онын ішінде 162 пәтер мемлекеттік бюджеттен, 507 пәтер Самрұқ-Қазына қаражаты есебінен",- деді Бекнұр Естайбеков.
Сонымен қатар, халықты қолжетімді баспанамен қамту мақсатында оңтайлы ипотекалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
«Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында биыл 117 азамат пәтерге қол жеткізді. 2024 жылға «Жаңа Концепция» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы мәслихаты шешімінің тізбесі негізінде белгіленген санаттарға бастапқы жарнасы 10% болатын, 1 500 000 теңгеге дейін тұрғын үй сертификатына 200 000 000 жергілікті бюджет есебінен бөлінді. Бұл қаржы өткен жылға қарағанда едәуір көп,- деді Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы.