Ұлбике ақынның 200 жылдығы: Қанат Мырзахан облыстық айтыстың жеңімпазы атанды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 мамыр, 2025
- 1.1k
Талас ауданында Ұлбике Жангелдіқызының 200 жылдық мерейтойы аясында “Он екімде өлеңмен тілімді аштым” атты аймақтық ақындар айтысы өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мерейтойлық іс-шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығының алдында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталды. Бұл рәсім Ұлбике Жангелдіқызының рухына көрсетілген зор құрметтің белгісі. Әрі қарай мәдениет орталығының өнерпаздары дайындаған тақырыптық театрландырылған көрініспен жалғасты.
Айтыстың басты мақсаты – жыр алыбы Ұлбикенің шығармашылығы арқылы жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын, табиғаты мен елдік рухын терең ұғындыру.
Аламан айтысқа «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған 5 ақын және Жамбыл облысынан 9 ақын қатысып, сөз сайысында өзара бақ сынауда. Жалпы саны 14 ақын қатысқан бұл айтыс — ел ішіндегі өнерпаз жастардың жұлдызын жағуға, шеберлігін шыңдауға таптырмас мүмкіндік.
Бүгінгі жыр додасына төрелік етіп қазылық жасайтын қазылар алқасы:
1. Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Жамбыл облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков.
2. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық мәслихатының депутаты, Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт.
3. ҚР мәдениет саласының үздігі, Талас ауданының құрметті азаматы, ақын, сазгер Үміт Битенова.
4. ҚР мәдениет саласының үздігі, Жамбыл ауданының құрметті азаматы, айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов.
5. Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының директоры, журналист Жасұлан Әбдіхалық.
6. Айтыскер ақын, Қордай ауданының құрметті азаматы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Күмісай Сәрсенбаева.
Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Жуалы ауданының намысын қорғаған Қанат Мырзахан иеленді.
Ұқсас жаңалықтар
Президент мәдениет саласының қызметкерлерін наградтады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 мамыр, 2025
Ақордада мәдениет пен өнер саласына арналған маңызды жиын өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 20 мамыр, 2025