Мәдениет
Мәдениет министрі Аида Балаева халыққа үндеу жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024
- 82
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі ресми парақшасында халыққа маңызды үндеу жасады,деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
“Құрметті достар! Кейінгі уақытта белгісіз біреулер менің атымнан таныс және бейтаныс адамдарға жасанды интеллект көмегімен дауыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кетті. Сіздерден осындай хабарламаларды елемеуді, бейтаныс нөмірлерді бұғаттауды сұраймын. Бұл – алаяқтардың әрекеті. Алданып қалмаңыздар. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!”
Министр баршаңызды сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына түспеуге шақырды.