жұма, 21 ақпан, 2025 12:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су келісімі: Қазақстан көктемде 11 млрд текше метр су алады

Су келісімі: Қазақстан көктемде 11 млрд текше метр су алады
Фото - ашық дереккөз
Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі

Душанбе қаласында Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСШҮК) 88-ші отырысы өтті. Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты. Тараптар Сырдария және Әмудария өзендері бассейндерінде вегетация аралық кезеңнің өту барысын қарастырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.  

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің дерегінше, келісілген су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысының Шардара су қоймасына келеді. Оның ішінде 1,6 млрд текше метр су Арал теңізіне жіберіледі.

«Бұл биыл суару кезеңі үшін қажет су көлемін жинауға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы экожүйені сақтау іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оңтүстігіндегі жағдай батыс пен солтүстіктен өзгеше. Мұнда үлкен көлемдегі су тасқыны болған жоқ. Ал жазда суармалы суға деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да біз оңтүстікті сумен қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыс жүргізіп жатырмыз. Су дипломатиясы – министрлік жұмысының маңызды бағыты. Осы келіссөздердің нәтижесінде өткен жылы еліміздің оңтүстігін сумен тұрақты қамтамасыз еттік. Су бөлу және трансшекаралық су нысандарын қорғау жөніндегі барлық мәселелерді Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірлесе отырып шешеміз», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар