сенбі, 23 қараша, 2024 21:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6 қазанға арналған ауа райы болжамы

6 қазанға арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
6 қазанға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК 6 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райын антициклон анықтайды. Тек солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлер төмен қысымның ықпалында болады. Осыған байланысты жауын-шашын, күндіз республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Қалған аумақтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, шығыста және орталықта көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады. Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с артады. Қарағанды ​​облысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Қызылорда, Маңғыстау, таңертең және күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болжанады, желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, күндіз желдің екпіні 25 м/с артады. Сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының түнде кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Бұдан бөлек, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар