жұма, 22 қараша, 2024 20:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақпанда ауа райы қалай болады?

Ақпанда ауа райы қалай болады?
ашық дереккөзі
Ақпанда ауа райы қалай болады?

Климаттық мәліметтерге сәйкес ақпан айында күндізгі уақыттың ұзақтығы орташа есеппен 2-3 сағатқа ұзарады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Оңтүстік өңірлерде орташа тәуліктік температура 0° арқылы оң мәндерге ауысады. Республиканың басым бөлігінде тұман және көктайғақ құбылыстары қаңтарға қарағанда жиі байқалады. Жауын-шашын мөлшері қаңтардан ақпанға дейін азаяды, тек Қазақстанның таулы аудандарында, керісінше, артып келеді.

Консультативтік болжамға сәйкес ҚР басым бөлігінде Оңтүстік және Батыс циклондардың өтуімен, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.

Жауын-шашын көбінесе елдің оңтүстік жартысында жаңбыр түрінде, солтүстік жартысында аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде болады деп болжанады. Солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасынмен тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. Ақпан айында циклондар мен антициклондардың жиі өзгеруі күтіледі.

Бірінші онкүндіктің ортасына қарай республика бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста түнде -5+3°С дейін, күндіз -2+10°С дейін; солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және шығыста түнде 0 -10°С дейін, күндіз -5+3°С дейін; оңтүстік-батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -3+5°С дейін, күндіз + 8+15°С дейін. Бірінші онкүндіктің соңында антициклонның енуімен ауа температурасы төмендейді: Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде-15-25°С дейін, күндіз-10-16°С дейін; еліміздің батысында, солтүстік-батысында түнде-10-18°С, күндіз-5-12°С дейін; оңтүстік өңірлерде түнде-7-15°С дейін, күндіз -5+5°С дейін.

Екінші және үшінші онкүндіктерде жылы ауа массаларының шығарылуымен ауа температурасы қайтадан көтеріледі: солтүстік жартысында күндіз 0,-7°С дейін, оңтүстік жартысында +5+10°С дейін, қиыр оңтүстікте +15°С. Алайда ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі де жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріндегі Таймыр аудандарынан суық ауа массаларының енуімен термометр бағандары түнде -20-30°С дейін, күндіз -10-18°С дейін, елдің солтүстік-батыс бөлігінде түнде-10-18°С дейін, күндіз -7-12°С дейін, ҚР оңтүстік жартысында түнде -7-12°С дейін, кей жерлерде-15-20°С дейін, күндіз-2-13°С дейін төмендеуі  мүмкін.

Ескертпе: бір айға арналған болжамды консультативтік болжам ретінде пайдалану керек, ол кейіннен синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіледі және онкүндікке арналған ауа райы болжамдарымен нақтыланады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар