Қоғам
Ақтөбеде қаздан қашқан 3 жасар балаға 100 қаз сыйға тартылды
- авторБақытжан Бекболат
- 18 қыркүйек, 2025
- 498
"Ауыл" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Алибек Базарғалиев қаздан қашқан балаға 100 қаз сыйға берді
Әлеуметтік желілерде танымал болған «қаздан қашқан бала» видеосының басты кейіпкері – үш жастағы Керей Махамбетұлы тосын сыйға ие болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақтөбеде бүлдіршінге арнайы 100 қаз сыйға тартылды.
Аталған бейнеролик әлем бойынша 200 миллионнан астам қаралым жинап, тіпті америкалық рэпер Snoop Dogg-тың да парақшасында жарияланған еді.
Керей Ақтөбенің Күншуақ шағынауданында тұрады. Оның әкесі – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Отбасы жылқы, пони және қаз бағып келеді.
Келесі мақала
Несиесі бар жандар үшін жағымды жаңалық тарады
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






