АЭС салу - экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім - Айгүл Қабиева
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2024
- 457
Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3%-ға өседі. Мұндай пікірді “ӘулиеАта” Қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры – Айгүл Қабиева білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі әлемде энергия тапшы¬лығының күшейіп бара жат¬қанын ескере отырып, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керектігіне тоқталған болатын. АЭС туралы халық арасында әртүрлі пікір айтылып жүр, ел ішінде оның құрылысына күмән келтіріп жатқандар жоқ емес. Мәселен, зерделесек, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанымыздың оңтүстік өңірлеріндегі энергия тапшылығын еңсеруге зор көмегін тигізеді екен. Қазіргі уақытта электр қуатының тапшылығы елдің оңтүстік аймақтарында қатты байқалады. Бүгінде бұл өңірлердегі электр қуатының тапшылығы солтүстіктен келетін ағынмен жабылуда. Еліміздің оңтүстігінде электр энергиясының жаңа көздерін енгізбесе, тапшылық жыл сайын орта есеппен жылына 3%-ға өседі екен. Осыған байланысты атом электр стансасын салу экономикалық тұрғыдан ең тиімді шешім болып табылады деп ойлаймын. Сондай-ақ, жобаны іске асыру кезеңінде мыңдаған жұмыс орны құрылып, стансаның жұмысы кезінде біршама адам жұмыспен қамтылары сөзсіз. Бұған қоса, АЭС-тегі әрбір жұмыс салаларында көптеген жұмыс орындары ашылса, еңбек нарығына айтарлықтай оң әсер етеді деген сөз. Демек, тек АЭС ілеспе салаларында түп-тұқиянын жетік меңгеретін мамандарды қарастыру ғана зор міндет.", -деді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ауданның дамуы түрлі бағытта жүзеге асуда
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024