бейсенбі, 21 қараша, 2024 14:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Алдымда жап-жас көпбалалы ана жатты». Жер сілкінісі кезінде операцияны үзбеген хирург жүрек тебірентер жазба қалдырды

«Алдымда жап-жас көпбалалы ана жатты». Жер сілкінісі кезінде операцияны үзбеген хирург жүрек тебірентер жазба қалдырды
Операция жасап жатқан дәрігерлер. Сурет хирург Марат Саршаевтың парақшасынан алынды
Бүгін жер сілкінісі кезінде операцияны тоқтатпай, бір адамның өмірін сақтап қалған дәрігерлер көптің ықыласына бөленіп жатыр

Нейрохирург, Алматы орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жүрек тебірентер жазба қалдырып, бүгін жер сілкінісі кезінде операцияны үзбеген командасына алғыс айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Нейрохирург Марат Саршаев пен оның бес адамнан құралған командасы  қатты жер сілкінген кезде көп балалы анаға операция жасап жатқаны белгілі болды.

«Бүгін санамыздан ешқашан өшпейтін сынаққа тап болдық...Операция үстелінде «ертең-ақ сауығып кетемін» деген үміті бар, жап-жас көп балалы ана жатты. Операция жоспар бойынша өтіп жатты, бірақ, аяқ асты жер қатты сілкініп кетті. Қас қағым сәтте санамызда үміт пен үрей араласып кетті. Операция бригадасының негізгі хирургі мен болған соң, алдымда өте қиын таңдау тұр еді: әріптестерімді эвакуациялап, олардың өмірін құтқарамын ба, әлде, өз өмірімізді қатерге тігіп, жас ананың өмірін құтқарамын ба? Міне, осы сәтте әрқайсымыз адамгершілік пен Антымызға берік екенімізді көрсетіп, ананың өмірін құтқардық. Біз жер сілкінісіне қарамай, операцияны сәтті аяқтадық», - деп жазды дәрігер Марат Саршаев.

Ол осы жазбасы арқылы әріптестері Маханбетхан Шаяхметке, Құжат Досханға, Аслы Теменоваға, Айжарық Нағыметова мен Е.Оборонкоға алғыс білдірген.

«Ең қиын сәтте де берген Анттарыңызға адал болғандарыңыз үшін рақмет», - деп жазды дәрігер.

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыда 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Операция кезінде өзге әріптестері аурухананың сыртына шығып, қауіпсіздік шараларын сақтаған кезде операцияны үзбей, науқасты емдеп жатқан дәрігерлердің бейнесі желіде тарап, олар қазақстандықтардың зор ықыласына бөленген еді.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар