Ардагерлерді ардақтап, марапат табыстады
Бүгін Семей полигонының жабылу күніне тура 29 жыл толып отыр.
Міне, содан бері 29 тамыз - Дүниежүзілік ядролық қарудан бас тарту күні болып белгіленді.
Елбасымыз Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жария етті. Осылайша адамзат тағдырына деген орасан жауапкершіліктің асқан үлгісі әлемге әйгіленді.
Республиканың барлық аймақтарында кезінде Семей полигоны аумағында әскерде, қызметте, оқуда болған, жарылыс зардаптарын шеккен азаматтар бар.
Осыған орай, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов Семей полигонының жабылу күніне орай ядролық сынақтардан зардап шеккендермен кездесті.
Кездесуге осы ұйымның бір топ мүшелері қатысты. Олармен барлық сақтық шараларын ұстана отырып, емен-жарқын әңгімелесті. Ой пікірлерін тыңдап, ұсыныстарына назар аударды.
Бұл жиынның ұйымдастырылуы біздің полигон ардагерлеріне деген ерекше құрметіміздің белгісі.
Осыған орай ардагерлерді ардақтап, марапаттар мен сый-сияпаттар табыс етті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала