Қазақстанда буллинг жасаған 145 адам жауапқа тартылды
- авторБақытжан Бекболат
- 30 мамыр, 2025
- 143

Жыл басынан бері елімізде 145 адам буллинг үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
2024 жылы елімізде қысым көрсету, қорқыту мен мазақтауға қарсы заңға өзгерістер енгізіліп, мұндай әрекет үшін жауапкершілік белгіленген болатын. Жаңа ереже күшіне енгеннен бері 145 адам жазаланды.
«Сонымен қатар министрлік құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірледі. Оның ішінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бөлек бөлім ретінде қарастырылып отыр. Жоба аясында кәмелетке толмағандарға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсететін мемлекеттік органдардың өкілеттігі қайта қаралады. Сондай-ақ, профилактикалық бақылауға алынатын азаматтар санаты жаңартылмақ», – деді Милюк Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.