Қазақстанда әйеліне тон сатып бермеген ерлер соттала ма
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2024
- 1.5k
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха материалдық жағынан күйеуіне тәуелді әйелдер туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Оның айтуынша, зорлық-зомбылық тек күш көрсету дегенді білдірмейді. Қаржылық жағынан тәуелді екенін біліп тұрып, жәбір көрсету де озбырлық саналады.
«Бұл да озбырлық саналады. Зорлық-зомбылық физикалық түрде күш көрсету дегенді ғана білдірмейді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодексте «материалдық жағынан тәуелді адамға қатысты жасалған іс-әрекет” деп нақты жазылған. Яғни егер жәбірленуші абьюзерге қаржылық жағынан тәуелді болса және одан жәбір көрсе, бұл мән-жайды ауырлататын жағдай», - деп түсіндірді Лепеха мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
ІІМ басшысының орынбасары әрбір жағдайды жеке-жеке қарастыру керек екенін атап өтті. Мәселен, Лепеханың айтуынша, шетелде күйеуі тон алып бермеген бір ер адамды сот жауапқа тартқан. Қазақстанда дәл мұндай жағдай әлі қарастырылмаса да құқыққа қайшы мәселелер өзекті болып отыр.
«Біз шет елдердің заңнамасын зерттегенде, бір елде әйел күйеуін тон сатып әпермеді деп сотқа берген. Сот ер адамды тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартқан. Бірақ бізде әзірге мұндай мәселе қойылып тұрған жоқ. Бізде құқыққа қайшы әрекеттер – дене жарақаты, ұрып-соғу, балағат сөздер және тағы басқа үшін жаза көзделген. Ал этика деңгейіндегі мәселе бұл жерде реттелмейді», деді ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024