200-жуық қазақстандық шетелде құлдыққа түсіп қалған – министрлік
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2024
- 540
Қазақстанның 100-ге жуық азаматы қазір Таиландпен шекаралас аумақтарда еңбек құлдығында жүр. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
«Соңғы екі жылда Таиланд, Мьянма мен Лаостың шекаралас аумақтарында Қазақстанның 200-ге жуық азаматы құлдыққа түсіп қалған. Елшіліктің жәрдемімен Мьянма мен Лаос аумағында еңбек құлдығынан 28 қазақстандық құтқарылды. Алпысқа жуық отандасымыз елшілікке жүгінбей, өз күшімен елге оралған. Қазір жоғарыда аталған елдердің аумағында 100-ге жуық қазақстандық еңбек құлдығында қалып қалған деген ақпарат бар», дейді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазақстандықтар жоғары табысқа алданып, құлдыққа түсіп қалады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024