Жамбыл облысының полициясы алаяқтардан сақтайтын жедел желі нөмірін іске қосты
- авторjambylinfo.kz
- 21 ақпан, 2024
- 513
Жамбыл облысында цифрлық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрес бойынша "Киберпол" арнайы тобының жедел желісі іске қосылды, деп хабаралайды Jambylinfo.kz.
Енді сіз интернет-алаяқтарына тап болсаңыз 8-7262-99-74-56 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрай аласыз.
«Тергеушілер, жедел уәкілдер, криминалистер алаяқтардың құрбандары болған адамдарға қандай әрекеттер жасау керектігін толығымен түсіндіріп, екінші деңгейдегі банктермен байланысуға және шотты бұғаттауға көмектеседі. Хабарласқан азаматтарға алаяқтықтың жаңа түрлері туралы да айтылады»- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, қылмыстардың көпшілігі тауарлық және ақшалай несиелерді рәсімдеумен байланысты.
Ресми дерекке сүйенсек, таяуда жедел уәкілдер 45 жастағы тұрғынға банктің мобильдік қосымшасы арқылы 800 000 теңге сомасына тұтынушылық несие ресімдеу арқылы ол ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстырып берем деген 21 жастағы күдіктіні ұстаған. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз