Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары мәлім етті.
Елдің басым бөлігінде тұрғындар көктемге тән құбылмалы ауа райын сезінеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жаңбыр жауады, солтүстікте және солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыста және оңтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, ал солтүстікте жауын-шашын мол болады.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, батыста және оңтүстікте бұршақ пен дауыл (шквал) болуы мүмкін. Тек елдің шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3–15 градусқа дейін төмендейді.
Келесі мақала
Алматы жолдарына жасырын патрульдер шықты
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жексенбіде Қазақстанда нөсер жаңбыр мен шаңды дауыл күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 5 сәуір, 2026





