Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қазақстанда орташа айлық жалақы 473 158 теңгеге жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық деңгейі 339 912 теңгені құраған. Ал орташа атаулы айлық жалақы 473 158 теңге болды.
«IV тоқсандағы жалақының орташа мәнінің өсуі жыл қорытындысы бойынша қосымша төлемдер мен мерекелік сыйақылар есебінен еңбекақы қорының ұлғаюына байланысты болып отыр», - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша қарастырғанда, жалақы өсімі ең жоғары көрсеткішке Ақмола облысында (17,4%) жеткен. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында өсім 13,1%, Абай облысында 11,7%, Алматы қаласында 11,5% және Жетісу облысында 11,2% болған.
Келесі мақала
Қазақстанда жаңбыр, қар және дауылды жел күтіледі
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Жексенбіде Қазақстанда нөсер жаңбыр мен шаңды дауыл күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 5 сәуір, 2026





