дүйсенбі, 14 қазан, 2024 13:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ қызы тұңғыш рет Эвересті бағындырды

Қазақ қызы тұңғыш рет Эвересті бағындырды
Фото: Kazakh Everest Team
Анар Бурашева 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырған

Құрамында Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар «Kazakh Everest Team» қазақстандық командасы әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті шықты, деп хабарлайды jambylinfo.kz  «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзіне сүйенсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтқан.

«Непалдың Гималайда көтерілуге маманданған және қазақстандық экспедицияның ресми жолсерігі «Seven Summit Treks» компаниясының хабарлауынша, қазақстандық команда 12 мамыр күні Непал уақытымен таңғы сағат 07:25-те Эверест шыңын бағындырды. 8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы», - деп хабарлайды «Kazakh Everest Team» баспасөз қызметі.

Эверест шыңына Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын орнатты.

 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар