Баспана - ауыл имамына
Жамбыл ауданыт Бесағаш ауылы тұрғындарының ұйымшылдығын талай тілге тиек етсек те, бүгінгі игілікті ісіне тоқталмай кетпеуге болмайды. Ауыл жастары мұрындық болып, белсенді азаматтары қолдап, ауыл имамы Айтжан Әбдікәрімұлына баспана салған бесағаштықтар бүгін сол пәтердің кілтін салтанатты жағдайда табыс етті. Құтхана имамы ілкімді іске атсалысқан барша азаматқа алғысын айтып, батасын берді. "Жастарыңды көрсет, еліңнің ертеңін айтайын" демекші, сауапты іске ден қойған азамматтар басқа ауылдарға үлгі боларлық іс жасағаны даусыз. Ауыл жастары жасасын!
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала