Бетперде таққан жігіт ауыр дертке шалдыққан Әлішердің арманын орындады
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қазан, 2025
- 463
Бетперде таққан жігіт ауыр дертке шалдыққан 19 жастағы жігіттің өтінішін орындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желіде бетперде таққан қайырымды жігіт 19 жастағы Әлішердің жанайқайына бейжай қарамай, оған көмек қолын созды.
Бірнеше апта бұрын Әлішер желі арқылы өз өмірінің соңғы кезеңінде екенін айтып, көмек сұраған еді. Ол бауырының қатерлі ісігіне (карцинома, 3-стадия) шалдыққанын, бауырында тромб пайда болғанын және төрт жылдан бері дертпен күресіп келе жатқанын айтты. Жақында әкесінен айырылған жас жігіт анасы екеуі жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.
«Қазір бауырымды ауыстыру керек. Беларусь елінде жасау үшін ақша жинап жатырмын. Оған 80 млн теңге керек», — деген еді Әлішер.
Бетперделі азамат оны арнайы ауруханада іздеп тауып, «Ең үлкен арманың не?» деп сұрады.
«Денім сау болғанын армандаймын, жазылып кетсем. Осы уақытқа дейін босқа қиналдым ба? Босқа шыдадым ба?» — деп көзіне жас алды Әлішер.
Сол сәтте қайырымды жігіт оған күтпеген тосынсый жасады — емге қажет 80 миллион теңгені толық беріп, үстіне жаңа пәтердің кілтін табыстады.
Қуаныштан көзіне жас алған Әлішер бұл сәтті өміріндегі ең үлкен бақытты сәтім деп атады.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






