жұма, 15 қараша, 2024 22:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Былтыр қазақстандықтар лотореядан 305 млрд теңге ұтқан – Спорт министрлігі

Былтыр қазақстандықтар лотореядан 305 млрд теңге ұтқан – Спорт министрлігі
Сурет ашық дереккөзден алынды
Лотореядан түскен 5 млрд теңге салыққа төленсе, 5 млрд теңгесі «Қазақстан халқы қорына» аударылған

Қазақстанда 2023 жылы ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңгеге жеткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Спорт және туризм вице-министрі Мирас Төлебаев мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұтыс операторларының жалпы ақша айналымы 356 млрд теңгеге жеткен. Оның 85%, яғни, 305 млрд теңгесі ұтыс қорына тиесілі. 5 млрд теңгеден  астамы салыққа төленсе, 5 млрд теңгесі «Қазақстан халқы қорына», тағы 5 млрд теңге спорт қорына аударылған»,- деді вице-министр.

Сондай-ақ, спикер халық арасында лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқанын айтады.

«Қазақстанда лотерея 2016 жылы қабылданған «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңмен реттеледі . Заң бойынша жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынады. Мұны білген жөн. Өйткені қоғамда лотерея операторы миллиардтаған долларды айналымға енгізіп, оның көп бөлігін өзіне алып қалады деген пікір қалыптасқан. Бұған тыйым салынады және заң бойынша қудаланады, лотерея операторының қызметі де тоқтатылуы мүмкін» - дейді Мирас Төлебаев.

 Айта кетейік, өткен аптада  республика аумағында «Lotomatic» терминалдары/киоскілері жабылған. ҚР Спорт және туризм вице-министрінің айтуынша, былтыр елімізде осындай 5000 лото терминал жұмыс істеген.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар