Қоғам
Әдепсіз бейнеролик жариялаған танымал блогер 15 тәулікке қамауға алынды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 тамыз, 2025
- 908
Астанада 33 жастағы блогер әдепсіз видео жариялап, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды.
Ол әлеуметтік желіде жұрттың назарын аудару мақсатында әдепсіз бейнеролик жариялаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бейнероликте мекеме қонақтарына тиіскен сәттер, бейәдеп қылықтар мен балағат сөздер көрініс тапқан. Бұл жазбалар қала тұрғындарының наразылығын туғызған.
Полиция департаменті мәлімдемесінде:
«Қаралым мен “лайк” үшін заңды бұзуға жол берілмейді. Мұндай әрекеттер заңға сәйкес қатаң тоқтатылады.
Блог жүргізетін азаматтар арандатушы немесе қорлайтын материал жариялау жауапкершілікке әкелетінін ұмытпауы тиіс. Интернет те заң мен моральдан тыс емес», – делінген.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Көлік жүргізушілеріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
- авторБақытжан Бекболат
- 30 желтоқсан, 2025
Қоғам
Қар мен аяз: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
- авторБақытжан Бекболат
- 23 желтоқсан, 2025






