«Діни мәселелер» тобының мүшелері Масанчи және Сортөбе ауылдарында болды
- авторjambylinfo.kz
- 16 қыркүйек, 2020
- 212
«Діни мәселелер» тобының мүшелері Қордай ауданының Масанчи және Сортөбе ауылдарына барып, діни мәселелер бойынша тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды.
Жалпы, Қордай ауданында діни ахуал тұрақты, дегенмен қордаланған мәселелер де жоқ емес. Дәстүрлі дінге қарсы келетін ұстанымдар және көңілге қонбайтын ойлар қоғамда әлі де кездеседі. Алайда қуанышқа орай, жыл санап білімді азаматтардың қатары артып келеді. Соның арқасында тұрғындардың діни сауаттылығы түзеліп, оң өзгерістер орын алуда.
Өңірде діни білім беретін Тараздағы «Һибатулла Тарази» колледжі болса, Қордай ауданында Масаншыдағы «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығы бар. Сондықтан да Жангелді Омаров бастаған топ мүшелері бірінші кезекте «Қордай» Құран қариларын дайындау орталығына барды. Оқу орталығының бүгінгі жағдайымен толықтай танысқан топ мүшелері, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Екі жыл бұрын ашылған білім ордасында діни білім беру ісі дұрыс жолға қойылған. Бұл орталықта жергілікті тұрғындармен қатар, алыстан келіп оқитын азаматтар да бар. Оқу процесі үшін барлық жағдай жасалынған. Заманауи жабдықтармен қамтылған оқу сыныптары, кітапқа бай кітапханасы, өз асханасы және жатақханасы бар. Мұнда 6 білікті ұстаздар 91 оқушыға қасиетті кітапты жаттап, діни білім алуына барын салып келеді. Оқу барысы 3 жылға дейін, яғни оқушының сертификат алуы - діни сауатына байланысты.
Облыс және аудан басшылығының көмегімен аталмыш орталықтың барлық құжаттары реттестіріліп, жаңа директор Ғалымжан Шерниязов тағайындалды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз