дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кинотеатрлар қазақша сеанс қазақтарға керек емес деп ойлайды - журналист

Кинотеатрлар қазақша сеанс қазақтарға керек емес деп ойлайды - журналист
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бэлла Орынбетова қазақ тіліне дыбысталған шетелдік туындылардың дұрыс кестеге түспейтініне қапалы

13 маусым күні Disney мен Pixar студияларының «Ойжұмбақ-2» (Inside Out) анимациялық фильмінің қазақша дубляжы кинопрокатқа шығады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Ал, журналист Бэлла Орынбетованың айтуынша, «Ойжұмбақ-2» анимациялық фильмінің алғашқы сеансына билет сату басталған. Айталық, Lumiera Cinema (ЦУМ) кинотеатрындағы орысша сеансқа 133 адам билет алып үлгерсе,  қазақшасына 25 адам ғана билет сатып алған.   

«Осы қазақша дубляждалған фильм шықса, оның жарнамасымен айналысып кетеміз. Біреулер бізге төленетін шығар деп ойлауы мүмкін. Не үшін жарнамалап, жұртты киноға шақырамыз? Себебі Қазақстанда жылына 300-ге жуық фильм кинопрокатқа шығады. Соңғы кезде фильмдер қазақша түсіріле бастады, бірақ олардың үлесі әлі де аз. Мысалы, дәл қазір кинотеатрда көрсетіліп жатқан 37 фильмнің жетеуінің ғана қазақша сеансы бар»,-дейді ол. 

Журналист тәуелсіздік алғаннан бері кинопрокатқа шыққан шетелдік фильмдердің қазақша дубляждалғаны қырыққа  жетсе де, сол фильмдердің қазақша сеансын кинотеатрлар көрсетуге әлі де құлықсыз екенін алға тартқан. 

«Кинотеатрлар қазақша сеанс қазақтарға керек емес деп ойлайды. Ең қолайсыз уақытқа қояды. Бір жылы достарымызбен «Ваканданы» көрмек болып, қазақша сеансын түнгі он бір жарымда ғана тапқанбыз. Кей кинотеатрларда қазақша сеансқа билет алған аздаған адамдарды елемей, сеанстарды орысша қойып жібереді. Себебі шынымен қазақша сеансқа барсаң, адам аз. Қазақша сеанс ешкімге керек болмаса, мүлдем жойылып кетуі де мүмкін», - деді ол дабыл қағып. 

Сондай-ақ Белла Орынбетова былтыр 15 фильмді қазақша дубляждаймыз деген Мәдениет және ақпарат министрігіне сенім жоғын атап өтіп, «Ойжұмбақ-2» анимациялық фильмін Дисней өз қаражатына қазақша дубляждап отырғанын жазған.

«Ешкім бармаса, қазаққа дубляж керегі жоқ екен деп қолды бір сілтейді. Сондықтан, Диснейді сүйгендіктен емес, кинотеатрларда қазақша сеанс көбеюі үшін осы фильмге барайық», - дейді ол.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар