дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026 13:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
istockphoto.com
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында «жар іздеймін», «танысқым келеді» деген мазмұндағы жазбалар көбейіп келеді.

Алайда мұндай жарияланымдардың артында шынайы қолданушылармен қатар алаяқтар да жасырынуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды онлайн танысу кезінде аса сақ болуға үндейді. Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар алдымен адамның сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен қаржылай көмек сұрайды. Ақша қолға тиген соң, байланыс үзіліп, жәбірленуші бұғатталады.

Министрлік өкілдері экранның ар жағындағы адам бейнеқоңыраудан және жеке кездесуден қашса, сізден ақша аударуды сұраса немесе интернеттегі бөгде фотосуреттерді пайдаланса, бұл күдік тудыруы тиіс екенін ескертеді.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін мамандар келесі сақтық шараларын ұсынады:

интернет арқылы танысқан адамдарға ақша мен жеке деректерді бермеу;

жеке фотосуреттерді жолдамау;

күмәнді сілтемелерге өтпеу;

сұхбаттасушының профилі мен ол туралы ақпаратты тексеру;

күдік туындаған жағдайда хат алмасуды дереу тоқтату.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар