дүйсенбі, 28 сәуір, 2025 17:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлытау облысында тәрбиешіге балаға қол көтергені үшін жаза тағайындалды

Ұлытау облысында тәрбиешіге балаға қол көтергені үшін жаза тағайындалды
Фото: ЖИ
Бұл туралы Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсеткен тәрбиешіге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс материалдарына сәйкес, әйел 2023 жылдың қазан айынан бастап балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бір сабақта, сурет салу кезінде 2022 жылы туылған бала акварель бояуын аузына салған. Тәрбиеші оған ескерту жасап, ерніне қолмен соққы жасаған. Кейін ол баланың төбесіне соққы жасап, оны орындықтан көтерген. Әйел баланы жууға апармақ болып, оны мойнынан ұстап, алға қарай итерген, сонда бала құлап түскен. Содан кейін ол баланы қолынан көтеріп, жуынатын бөлмеге алып барған.

Әйел өз кінәсін мойындамады. Ол бала құлаған кезде оны дөрекі көтергенін мойындағанымен, соққы жасағанын теріске шығарды. Алайда тәрбиешінің кінәсі бақылау камераларының жазбаларымен расталды.

Сот оған 80 сағат қоғамдық жұмыс тағайындап, үш жыл бойы педагогтық қызмет атқаруға тыйым салды. Сондай-ақ, әйел бала туыстарына 200 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар