Спорт
Хорватиядағы әлем кубогы кезеңінде қазақстандық гимнасттар екі қола медаль жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- 14 сәуір, 2025
- 193

Бұл туралы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Ұлттық ұланының спорттық командасын даярлау орталығының аға маманы, гвардия ефрейторы Милад Карими Хорватияда өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еркін жаттығулар финалында Карими жоғары шеберлік көрсетіп, 13.966 ұпай жинады. Бұл нәтижесі оған үшінші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілуге мүмкіндік берді.
Қазақстан құрамасы сапында Нариман Құрбанов, Зейнолла Идрисов (атпен жаттығу), Асан Сәлімов (тірекке секіру) және Милад Карими өнер көрсетті.
Жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы екі қола медаль еншіледі. Нариман Құрбанов атпен жаттығу финалында 14.233 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Серік Сәпиев Сурдлимпиада ұлттық комитетінің президенті болды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 сәуір, 2025