Қоғам
Қостанайда жұмыстан шыққан жігітті әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен
- авторБақытжан Бекболат
- 7 маусым, 2025
- 518
Бұл туралы «Наша газета» басылымы мәлімдеді
Оқиға 6 маусым күні кешкі сағат 22:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, жігіт жұмыстан шығып келе жатқан кезде оған қарапайым киімдегі үш адам жақындаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Олар өздерін таныстырмады, жігітті жерге жығып, ұстап алды. Біздің әріптестерімізді итеріп, балағат сөздер айтты. Заңгеріміз келгенше күтпей, оны күштеп көлікке отырғызып алып кетті", – дейді оқиғаны көрген куәгерлер.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, қызметтік тексеру басталғанын, тексеру қорытындысы бойынша бұл әрекетке құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






