сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 16:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пойызбен тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жарияланды

Пойызбен тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жарияланды
Фото - Jambylinfo.kz
Ведомство Қазақстан заңнамасына сәйкес қауіпті немесе тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті

"Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі пойызбен сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады. Мамандар теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ведомство Қазақстан заңнамасына сәйкес қауіпті немесе тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Пойызға алып кіруге тыйым салынған заттар

жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар, пиротехника (салюттер, отшашулар және жарылу қаупі бар өзге де бұйымдар);

радиоактивті және есірткі заттар, жанғыш сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде бензин, метил эфирі, метанол;

оңай тұтанатын қатты заттар;

улы, күшті әсер ететін және уландыратын заттар (сұйық немесе қатты күйдегі);

жұқпалы немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар мен заттар;

атыс қаруының барлық түрлері, оның ішінде лақтыратын, электрлі, механикалық, құрамдастырылған, ұңғысыз травматикалық, газды қарулар, соққылап-сындыруға арналған заттар, қылыштар, семсерлер, шапқылар, қанжарлар, кортиктер, стилеттер, кастеттер, кистендер;

атыс және газ қаруына арналған оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік, жарық-дыбыстық, жарақаттаушы, бос және аңшылық патрондар.

Сондай-ақ пойызға мінер алдында барлық жолаушылар вокзалдарда міндетті тексеруден өтеді.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентгендік-телевизиялық қондырғылар, стационарлық және қолмен ұстайтын металл іздегіштер, сондай-ақ портативті анықтағыштар орнатылған. Бейнебақылау, күзет және дабыл жүйелері жұмыс істейді, полиция мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ұшаққа алып кіруге тыйым салынған заттар туралы да хабарланған болатын. Бұл жөнінде Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы мәлімдеген еді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар