"11 жылға сотталды": Марихуана сатқан 4 жамбылдыққа қатысты үкім шығарылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 12:33
- 1
Аса ірі мөлшерде марихуана сатқаны үшін Жамбыл облысының 4 азаматына 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Шу аудандық соты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемденіп, сақтағаны үшін кінәлі деп танылған Қордай ауданының төрт тұрғынына қатысты айыптау үкімін шығарды.
- Тергеу барысында 53,6 кг марихуана тәркіленді. Сотталушылар бұған дейін де осындай ауыр қылмыстар үшін сотталған болып шықты. Олар өз кінәларын мойындамағанына қарамастан, мемлекеттік айыптаушы әрқайсысының қылмысқа қатысын және рөлін толық дәлелдеп шықты. Қылмыстың қайталануын және бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, сот оларға 7 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
"Заңсыз көші-қон": Алматыда бір бөлмелі пәтерде 109 адам тіркелген
- авторМағжан Орынбасар
- 13 қаңтар, 2026





