«Су, кет, кет». Композитор Марат Омаров су тасқыны туралы жаңа ән шығарды
- авторМағжан Орынбасар
- 18 сәуір, 2024
- 854
Өнер иесі бүгінгі күні Америка құрама штаттарында жүр. Танымал композитор елдегі жағдайға көңілі алаң екенін білдіріп, жүрек толқынысынан жаңа туынды жазды.
"Алыста жүрседе,осы болып жатқан жайтты көріп,әкемнің жүрегі ауырып шыққан әні", - деп жазды композитордың қызы Зарина Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Марат Омаров жаңа әнін әлеуметтік желіде жариялады. Желі қолданушылар аталған әнге оң бағасын беріп, жүректі елжіреткенін жазған.
"Мағыналы, жүректен шыққан, жылағың келеді", "Су, кет, кет" деп ән шығарыңыз", "Әнін естіп, көзге жас келді, шын жүректен шыққан", - дейді композитордың фанаттары.
Еске салайық, композитор пандемия кезінде "Коронавирус, кет, кет, кет" деген ән шығарып, індетпен күрескен халықтың көңілін көтерген еді. Айта кетейік, бұған дейін де композитор Ринат Ғайсин тасқын болған аймақта жүріп, «Үміт жыры» атты жаңа ән шығарғанын жазғанбыз.