Тексеру кезінде одан синтетикалық есірткі табылған
Ақтөбеде Qarakesek лақап атымен танымал 31 жастағы рэпер Омар Амантаев 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қалалық полицияның мәліметінше, ол есірткіге мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталған.
"Тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады. Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады. Сонымен қатар сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025





