жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өтті

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өтті
Фото - ашық дереккөз
Іс-шараның мақсаты - мекеме аумағында еңбекпен қамтылған сотталғандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік тәртіп пен заңнама талаптарының сақталуын бақылау болып табылады.

  Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас мамандары Еркебұлан Шәріпбаев, Бақытжан Утешов пен 5513 әскери бөлімінің рота командирі Павел Кадацкийдің қатысуымен мекемеде жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлермен жұмыс кездесуі өткізілді. 

Кездесу барысында мекемеде жүзеге асырылып жатқан өндірістік қызметтің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Атап айтқанда, шарт талаптарының орындалуы, өндірістік үдерістегі еңбек және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы, сотталған азаматтардың еңбекақысын уақтылы төлеу тәртібі, арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ құрал-саймандар мен кескіш заттарды жабылатын металл жәшіктерде сақтау талаптары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға тиісті нұсқаулар беріліп, алдағы уақытта аталған талаптардың орындалуы тұрақты бақылауда болатыны жеткізілді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар