жұма, 27 желтоқсан, 2024 9:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданында рейдтік шаралар мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде

Жамбыл ауданында рейдтік шаралар мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде
ашық дереккөзі
Жамбыл ауданында рейдтік шаралар мен түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде
Облыс көлемінде коронавирус індетінің таралуын алдын алу мақсатында аймақтың бас санитарлық дәрігері 19 қазан сағат 00:00-ден бастап қосымша шектеу шараларын енгізу жөнінде шешім қабылдағаны баршамызға белгілі. Бұл вирусты жұқтырғандардың саны күн санап өсуіне байланысты қабылданған тиімді шара болып отыр. Дегенмен, мемлекет тарапынан сананы сарсаңға салған бұл селебенің алдын алу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Біздің ауданда да солай. Алдыңғы толқыннан сабақ алып, олқылықтардың тізбесін толтыруға қауқарымыз жеткілікті. Өңірімізде жағдай тұрақты болғанымен көршілес мемлекеттердегі дүрбелең барлығымызды алаңдатып отыр. Қараша халықты ақпараттандыру мақсатында Жамбыл ауданында 2 мобильдік, 1 мониторингтік және 17 ауылдық округі әкімі аппаратының жанынан құрылған шұғыл топ үздіксіз жұмыс істеуде. Үстіміздегі жылдың 3 қыркүйегіне дейін аудан бойынша 216 адамнан Covid-19 тіркелді. Оның ішінде 110 науқас (50,9%) оң, 106 (49%) адамнан теріс нәтиже көрсетті. Инфекциялық стационардан 96 азамат сауығып шықты. Провизорлық стационарда 180 адам ем-дом қабылдап жатыр. Ауылдық округтердің өзінде аптасына екі мәрте әлеуметтік-кәсіпкерлік нысандарға залалсыздандыру сұйықтығы себіліп, халық көп шоғырланатын орындарға жаднама парақшалары ілінуде. Тәулікке шаққанда 110 астам кәсіпкерлік нысанның есігін қаққан шұғыл топ мүшелері бетперде режимі мен арақашықтықты сақтау қажеттігін, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын негізсіз көтермеу турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ түнгі уақытта тойханалар мен дәмханаларға да рейд жұмыстары үйлестірілсе, ауылдық округтердегі мешіттер мен учаскелік полиция инспекторларының қызметтік көлігінде орналасқан дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен індеттің талаптары мен сақтану жолдары қараша халыққа құлағдар етуде. Сонымен қатар аудандық орталық ауруханада пациенттерге қолдау көрсету қызметінің 4-19-04 нөмірлі «сенім телефоны», 4-19-21 «call center» телефон нөмірі, 2-11-43, 2-12-93 тіркеу нөмірлері жұмыс істеуде. Тұрғындардың өтініш-тілектеріне, арыз-шағымдарына арналған 87262970191, 87064107045 WhatsApp нөмірлері бар. Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар