Жамбылда карантин қаншалықты жеңілдетіледі?
2020 жылдың 17 тамызынан бастап Жамбыл облысы аумағында халықтың тұрмыс-тіршілігінің және (немесе) ерекше жағдайдағы шектеу режимін кезең-кезеңімен жеңілдету шаралары енгізіледі.
РҰҚСАТ БЕРІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР:
🔹Жамбыл облысы аумағынан барлық көлік құралдары мен азаматтардың және облыстың барлық елді мекендерінен кіруі және шығуына;
🔹Жұмыс күндері жолаушылар үшін
қоғамдық көліктердің қозғалысына;
🔹Жамбыл облысы аумағында тұрғындардың және жеке көліктердің еркін жүруіне;
🔹Ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспауы тиіс);
🔹Жазғы алаңдарда және залдарда 30 орыннан аспайтын қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына (сағат 11.00-ден 22.00-ге дейін);
🔹Қалыпты режимде:
сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (бутиктер), бөлшек сауда желілері, жабық базарлар (тұру деңгейі 30% -дан аспайды); т.б.
Коронавирустық инфекцияның пайда болу эпидемиологиялық жағдайына байланысты шектеу шараларын қолданудың режимі мен мерзімдері өзгертілуі мүмкін.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала