Сайлау – 2022
Алматыда 1,2 млн-ға жуық адам дауыс беруге құқылы
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2022
- 206
Алматыда 1,2 млн-ға жуық адам дауыс беруге құқылы
Алматыда 1,2 млн-ға жуық адам дауыс беруге құқылы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз брифингінде аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті.
«Біздің сайлаушылар тізімі тұрақты тіркеу қағидасы бойынша жасалған. Әкімдіктер сайлаушылар тізімін тапсырған кезде Алматы қаласында сайлаушылар саны 1 миллион 170 мыңнан асты. Сайлау учаскелеріне барлығы 11 мыңнан астам есептен шығару куәліктері тапсырылды», - деді Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.
Сонымен қатар, ол есептен шығару куәлігі не үшін керектігін түсіндірді.
«Шартты түрде мен Алматыда тіркелгенмін, дауыс беру күні Таразда болуды жоспарлап отырмын. Мұндай жағдайда мен өз учаскеме барып, дауыс беру құқығын пайдалану үшін есептен шығару талонын алуым керек», - деді спикер.
Айтуынша, бүгінгі күні барлық сайлау учаскелері сайлау жәшіктерімен, мемлекеттік рәміздермен жабдықталған.
«Барлық учаскелік комиссиялар кандидаттар туралы ақпараттық материалдармен, сондай-ақ сайлаушыларды қызықтыратын әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген. Бұл ретте кандидаттар туралы ақпараттық материалдарды үгіт материалдарымен шатастырмау керек. Өйткені олар өздері жасайды. Барлық сайлау учаскелерінде барлық ақпарат бірыңғай форматта»,- деп атап өтті Жанна Асанова.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022