Сайлау – 2022
Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады
- авторjambylinfo.kz
- 10 қараша, 2022
- 279
Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады
ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері теледебат өткізу үшін «Хабар» телеарнасына қанша қаражат бөлінетінін сұраған еді.
«Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге бөлінеді», - деп жауап берді Анастасия Щегорцова.
«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты.
«Біріншіден, келісімшарт жасалсын, қаражат қазынаға түссін. Содан кейін айтамыз. Екіншіден, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, декорацияға, студия жабдықтауға, жарыққа жұмсалады. Бұл бір рет қана болатын іс-шара болғандықтан арнайы студия жасалады. Қосымша адамдарды жұмысқа тартуға да қаржы жұмсалады. Енді телевидениенің технологиясын білетін адам ақшаның қайда жұмсалатынын біледі деп ойлаймын», - деді ол.
Осы орайда Анастасия Щегорцова телеарнаның биылғы бюджетінде теледебат өткізуге қаражат қарастырылмағанын атап өтті.
«Бұл қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығындар сметасында қарастырылған. Заңға сәйкес, ОСК-нің дебат өткізуге мүмкіндігі бар», - деді ОСК мүшесі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Сайлау: Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022