сенбі, 21 желтоқсан, 2024 21:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бірінші рет дауыс бергендерге сыйлық қарастырылмаған — ОСК

Бірінші рет дауыс бергендерге сыйлық қарастырылмаған — ОСК
ашық дереккөзі
Бірінші рет дауыс бергендерге сыйлық қарастырылмаған — ОСК
ҚР Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауында бірінші рет дауыс беретін сайлаушыларға сыйлық жасау үшін қаражат қарастырылмаған. Бұл туралы аталған комиссия мүшесі Константин Петров айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Мұндай сыйлықтарға біздің тараптан қаражат қарастырылмағаны анық. Дегенмен, алғаш рет 18 жасымда дауыс бергенім әлі де есімде. Оның үстіне 18-ге толғаныма 3-4 күн өткеннен кейін дауыс бердім. Сайлаушылар тізімінде болдым және маған телефон нөмірлерін жазуға арналған қойындәптер сыйлаған еді. Кәдесыйға келер болсақ, өзінің сайлаушыларын білетін қандай да бір сайлау комиссиясы тосынсый жасауы мүмкін. Орталықтандырылған бюджет ондайға қарастырылмаған. Сайлау комиссиялары жеке бастама жасауы мүмкін әрі мұндай бастама міндетті емес», — деді ол комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Ал 11 қарашада кандидаттардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайсы ұйымдастырылады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар