Сайлау – 2022
Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов
- авторjambylinfo.kz
- 9 қараша, 2022
- 241
Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов
ҚР президентін сайлауда кандидаттардың қайсысының мықты екенін сайлау ғана анықтайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Үміткердің қайсысының мықты немесе осал екенін сайлау ғана анықтайды, яғни халық оған бағасын береді. Алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді», — Мәжіліс төрағасы палатаның отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Сонымен қатар Е. Қошанов 11 қарашада өтетін кандидаттар арасындағы теледебатқа Президенттің атынан неге қатысатынын түсіндірді.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатыр және жұмыс кестесі өте тығыз. Президент ретінде мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі әрі сыртқы саясатына жауап береді. Сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізуін күтіп тұрмайды. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан өзінің өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейді», — деді Мәжіліс төрағасы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді.
Пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылды: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Сайлау – 2022
Сайлау-2022: ШЫҰ миссиясының байқаушылары жұмысын бастады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022
Сайлау – 2022
Сайлау: Елімізде 86 учаскеде дауыс беру бір сағат ерте басталады
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2022