сенбі, 26 сәуір, 2025 22:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАДБ басшысымен кездесіп, халықаралық қаржы институтының жұмыс нәтижесі мен алдағы жоспарын талқылады.

2024 жылдың қорытындылары:

банк Қазақстан экономикасына 1,4 млрд доллар қаржы салды;

инвестиция портфеліндегі қазақстандық жобалардың үлесі 60%-ға жетті.

Инвестиция:

банк елімізге 2022-2026 жылдарға арналған стратегия аясында 3,8 млрд доллар инвестиция құю жоспарын мерзімінен бұрын орындады.

2025 жылға жоспар:

 жалпы сомасы 4,5 млрд доллардан асатын жобалар ұсынылды;

мына салаларға 1 млрд доллардан астам инвестиция салу көзделген:

- энергетикалық нысандарды жаңғырту;
- жаңартылатын энергия көздері;
- көлік және логистика салаларын дамыту;
- республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу;
- инфрақұрылым нысандарының құрылысы;
- өнеркәсіп және цифрлық технологиялар.
 Қаржы нарығын дамыту

Николай Подгузов ЕАДБ серіктестермен және көпжақты ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, сондай-ақ өздері ұйымдастыратын халықаралық іс-шаралар арқылы Қазақстанның қаржы нарығын дамыту және инвестиция тарту ісіне белсенді атсалысуға ниетті екенін айтты.

Мемлекет басшысы банктің Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

 Анықтама:

Еуразиялық даму банкі – инвестициялық қызметін Еуразия кеңістігінде жүргізетін көпжақты даму банкі.

Штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан.

2025 жылғы жағдай:

 ЕАДБ портфеліне жалпы инвестиция сомасы 16,5 млрд доллар болатын 305 жоба енген;

 негізгі бағыттар: көлік инфрақұрылымы, цифрландыру, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және машина жасау.

 

Бөлісу:
Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар